Аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға ерекше қолдау көрсету

2023 жылдың 15- қыркүйек күні Астан қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК жыдық жоспарына сәйкес №1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен бірігіп  «Аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға ерекше қолдау көрсету» тақырыбында семинар-практикум  өткізді.

   Семинардың мақсаты – ата-аналарға жағымсыз мінез-құлық себептерін анықтау және дұрыс әрекет етудің маңыздылығын түсіндіру.

Семинарға «Ерекше Бақыт» қоғамдық қорының директоры Абдибаитова Алия Османкуловна және заң ғылымдарының магистрі, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы,АСБ бар жасөспірімнің анасы Ордабай Светлана Валерьевна қатысып, өз тәжірбиелерімен бөлісіп.

 ата-аналарға АСБ –ның ерте клиникалық белгілері басқалармен өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас жасау, қайталанатын (стереотипті) іс-әрекет және бірқалыпты мінез-құлық, терапия түрлері , қосалқы бұзылыстар туралы ақпараттар бере отырып, ашық диалог аясында ата-аналар  еркін пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған