Ақбота Бақытқызы Есематованың зейнеткерлік жасқа толуына арналған  салтанатты іс-шара өтті

2023 жылдың 14 қыркүйек күні Әдістемелік орталықта  білім саласына еңбегі сіңген, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері,  құрметті ұстаз, орта білім бөлімінің басшысы Ақбота Бақытқызы Есематованың зейнеткерлік жасқа толуына арналған  салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға әріптесімізді құттықтауға Білім басқармасының,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, педагогикалық шеберлік  орталығының, қосымша білім беру орталығының өкілдері, мектеп басшылары  және курстас, шәкірттері  келді.  

Кештің құрметті қонақтары Білім басқармасы Жалпы орта білім  берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкельдиевна Амангельдиева,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының маманы Кулжанат Нурумжановна Булатбаева, педагогтердің шеберелік орталығанан  Инесса Ивановна Ковтун, Әдістемелік орталық басшысы Сындар Муратовна Дауешова Ақбота Бақытқызының өмір жолында еңбексүйгіштігін, білім беру саласына қосқан зор үлесін,   қызметтің ең  қызықты да, қиын салаларын атқарып келгенін атап, құттықтады.

Қаланың мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, 16 орта мектебінде бірге жұмыс істеген әріптестері де Ақбота Бақытқызына жылы лебіздерін білдіре отырып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған  патриоттық тұлға тәрбиелеуде еңбегінің зор  екендігін  айтып өтті.

Әдістемелік орталықтың ұжымы Ақбота Бақытқызына зор денсаулық,  бақытты  ұзақ  ғұмыр тілейді!

Әр күніңіз шалқыған шаттыққа,  ұл- немерелеріңіздің ортасында балқыған бақытқа толсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған