Әдістемелік кеңес беру сағаты

Әдістемелік жұмыс педагогтің үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналады. Әдістемелік орталықтың Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері ТжКББ педагогтері Қауымдастығының мүшелерімен бірлесіп, Астана қаласындағы колледждерде «Әдістемелік кеңес беру сағаты» жобасын жүзеге асыру арқылы әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, оқытушылардың қызметін, олардың дайындық деңгейін зерделейді, сол арқылы педагогтердің кәсіптік шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласының Медициналық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті.

Іс-шара барысында колледж ұжымына ТжКББ ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары мен педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің шеңбері туралы ақпарат ұсынылды. Педагогтер 2023-2024 оқу жылында педагогтің аттестатталуына қойылатын талаптар туралы өзекті сауалдарына  жауап алып, авторлық жұмысытар мен оқу-әдістемелік құралдар құрастырудың қыр-сырымен танысты.  Семинарға 40-тан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған