Мемлекеттік және жекеменшік балабақша басшыларына арналған семинар өтті.

2023 жылдың 13-14 қыркүйек күндері Bilim Land компаниясы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған BilimKids.kz авторлық цифрлық платформасы бойынша мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған цифрлық ресурстарды қолдану сапасын арттыру мақсатында семинар ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының алдында тұрған мәселелердің бірі педагогтер арасында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, жеке ресурстарды толық және тиімді пайдалану, табыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, оқыту тәжірибесін дамыту.

Сондай платформалардың бірі – Bilimkids.kz таныстырылды. Цифрлық платформа  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жүргізілетін мониторингі, аттестацияға дайындық мәселелері, педагогтердің міндетті құжаттарын рәсімдеу  жұмыстарын қамтиды. Осы бағытта педагогтерге таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында лоторея ойнатылып, жеңімпаздарға кітаптар мен балаларға арналған ойындар жинағы сыйланды.

Семинарға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 100-ден астам меңгерушілері қатысты.

Семинар оқыту тіліне байланысты екі күн бойы жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған