Алғаш рет Қазақстанда мұғалімдердің ашық ұлттық самиті Teachers’ Summit өтеді

Мұғалімдер саммиті Астанада 5-8 қазан аралығында өтеді. Әлемнің үздік педагогтары мен математика бойынша халықаралық сарапшылар білім берудегі және инклюзивті оқытудағы инновациялар жөнінде тренингтер мен шеберлік класстар өткізеді.  Оған қоса, қатысушыларды “Global Teacher Prize” премиясының иегерлері мен жеңімпаздары ұйымдастыратын бірқатар ашық сабақтар күтеді. Аталған шараны BINOM SCHOOL қолдауымен Нобель фестивалі өткізеді.

Мұғалімдер саммитінің негізгі бағыттары:

  • Математика бағыты: бұл бағыт аясында математиканы оқытудың озық әдістері мен осы пәнге оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдері қарастырылады.
  • Global Teacher Prize иегерлерінің бағыты: “Әлем ұстазы» премиясының иегерлері педагогика және білім беруді дамыту бойынша өз тәжірбиесін және құнды білімін бөліседі

Мұғалімдер саммитінің спикерлері:

  • Кейшиа Торп — білім саласындағы новатор,  Global Teacher Prize премиясының жеңімпазы, 2021 жылы, U.S. Elite International Track and Field тең құрылтайшысы және вице-президенті.02
  • Ранжит Дисале — Global Teacher Prize премиясының жеңімпазы, 2020, Innovative Researcher of the Year премиясының иегері, 2016, бастауыш мектеп мұғалімі.
  • Проф. Абрахам Аркави — Вейцман институтының жаратылыстану ғылымдарын оқыту департментінің басшысы, профессорлық кафедра меңгерушісі,  Израиль.
  • Эванс Одэй — Global Teacher Prize премиясының топ-10 финалисі, 2021, Ахимота мектебінде математика мұғалімі «Білім беру бағдарламаларындағы халықаралық көшбасшылар» жобасының қатысушысы (ILEP)
  • Олусегун Аденийи — Global Teacher Prize премиясының топ-50 финалисі, 2021.
  • Оливье Крузе — Париждағы Ecole 42 цифрлық оқу мектебінің білім беру бойынша директоры.
  • Акаш Патель — Global Teacher Prize премиясының топ-50 финалисі, 2018, Happy World Foundation Inc. халықаралық қорының негізін қалаушы.
  • Фути Рагофала — Global Teacher Prize премиясының топ-50 финалисі, 2017, Microsoft Innovative Expert жаттықтырушысы, Skype мастер-мұғалімі.
  • Др. Клэр Нельсон —  Болашақ форумының басты идеологы, Кариб зерттеулері институтының президенті, Forbes TOP-50 болашақ технологиялар бойынша әйел-футуристердің бірі.

Мұғалімдер саммиті орта білім беруді дамытуға, мектеп оқушыларының эмоционалды және бейімді интеллектін күшейту үшін мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған. Мектептер арасында теңдік құруға және инновациялық шешімдерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Саммит ұйымдастырушылары мектеп дамуының инновациялық, инклюзивті және креативті модельдерін енгізуге, сондай-ак оқу үдерісінде білім беру технологиялары (EdTech) мен геймификацияны қолдануға ұмтылады.

Мұғалімдер саммиті — мұғалімдер мен мектеп басшылығына бағытталғат төрт күндік бірегей іс-шара. Бұл іс-шараның үш күні «BINOM SCHOOL» оқу орнында (5, 6 және 8 қазанда) өтеді.

7 қазанда мұғалімдердің ашық ұлттық саммиті барлығына қолжетімді болады. Кең аудиторияға келесі тақырыптар бойынша сарапшылардың баяндамалары ұсынылады:

  • Мұғалімдердің білімі
  • Мектептерде инженерлік білімнің дамуы
  • PISA-ға көзқарас: PISA нәтижелерімен мұғалімдер не істеу керек?
  • Ауылдағы және қаладағы білім беру – кедейлікте өмір сүретін балаларды оқыту және оқушы саны тым көп сыныптарға білім беру
  • Болашақтың мектептері қандай болады:  Ecole 42 тәжірбиесі
  • Мұғалімің көшбасшылығын дамыту және әлеуметтік әділдікті оқыту
  • Ұлтаралық білім
  • Оқушылардың трансшекаралық және мәдениетаралық академиялық тәжірбиесін қалай дамыту керек?
  • Болашақтың мамандықтары: оқушыларды қалай әлем азаматтары қылуға болады?
  • Халықаралық және мәдениетаралық оқу бағдарламаларын мақсатты әзірлеу және интеграциялау
  • Шыңдарға бірге: мектептерде олимпиада қозғалысын қалай құруға болады?
  • Білім беруді цифрландыру және STEM
  • Математиканы технологиямен өршіл оқыту
  • Z ұрпағы: цифрлы болу үшін дүниеге келгендер
  • Болашақ инженерлер: технология сабағын қалай құруға болады?

Мұғалімдер саммитінің мақсаты  —   Қазақстан мен Орталық Азия мұғалімдері үшін жыл сайынғы халықаралық іс-шараға айнала отырып, бүкіл әлем сарапшыларының үздік педагогикалық тәжірибесін үйренуге бірегей мүмкіндік беру.

Ұйымдастырушылар:

Nobel Fest – Дүниежүзілік Нобель фестивалін ұйымдастыратын халықаралық білім беру платформасы. Фестиваль жыл сайын 15-тен аса Нобель сыйлығының лауреаттары мен ғылым, бизнес және инновация саласындағы бетке ұстар спикерлердің басын қосады. Биыл Nobel Fest Мұғалімдер саммитін ұйымдастырады. Nobel Fest миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар қолдайды. Олардың қатарында Қазақстандағы ең ірі қоғамдық қорлардың бірі «Алтын Қыран» қоры; Бас білім беру серіктесі – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Стратегиялық серіктес – Камалладин университеті; Ресми серіктес – Platonus компаниясы, сондай-ақ BI Group және BI Education компаниялары. Негізгі медиа-серіктестер  — Қазақстанның жетекші медиа-агенттігі Kamalladin Media; өмір, жұмыс және хоббилер туралы әйгілі The Steppe басылымы; сондай-ақ Орталық Азиядағы адамдар мен жобалар туралы прогрессивті басылым – WeProjectі.

BINOM SCHOOL – BI Group инновациялық құрылыс холдингі мен Астана қаласы әкімдігі арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын білім саласындағы бірегей жоба.

Байланыс ақпараты:

Диана Байдаулетова

Email: diana.baidauletova@nobel-fest.org

teachersummit@nobel-fest.org

+77022540099

Сайт: http://summit.nobel-fest.org/

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған