Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК оқыту басқа тілдерде жүргізілетін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту арқылы олардың коммуникативтік, танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту мақсатында «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқауға барлығы 59 өтінім келіп түсті. Сараптамалық комиссия мүшелері қатысушылардың конкурстық материалдарына сараптама жүргізіп, байқаудың жеңімпаздарын анықтады:
І орын – №90 «Еркежан» балабақшасының тәрбиеленушісі, Марчукова Таисия, жетекшісі Есентаева Гульдана;
ІІ орын – №20 «Арайлым» балабақшасының тәрбиеленушісі, Кубасова Ульяна, жетекшісі Сейтмаханова Айгул Урмановна;
ІІІ орын – №89 «Қыз Жібек» балабақшасының тәрбиеленушілері Қуанышбай Ақниет және Васин Мирон, жетекшісі Гибадилова Динара Жумабековна.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!