«Мобильдік топтарды оқыту» семинар- практикум

          Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12-28 қыркүйек күндері  аралығында білім беру ұйымдарындағы «Мобильдік топтарды оқыту» семинар- практикумын өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні №67 мектеп-гимназия базасында семинар – практикумның алғашқы күні өтті.

         Семинар мақсаты- мобильдік топтың өзара бірлескен  іс-қимыл алгоритміне оқыту арқылы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын белсенділендіру.

         Семинарға Сарыарқа ауданы бойынша мектеп директорлары, директорлардың ТЖ орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, тәлімгерлер мен бастауыш сынып мұғалімдерінен- 51 педагог қатысты.

        «Әдістемелік орталық» басшысының орынбасары Д.Шарипова алғы сөзімен семинарды ашып,  қатысушыларды жұмыс бағдарламасымен  таныстырды. Бүгінгі көтеріліп отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып өтті. Бағдарлама бойынша психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.Капанова «Аутодеструктивті мінез-құлқы бар жасөспірімдермен жұмыс істеу кезіндегі проблемалар», бөлім әдіскері А. Исабекова «Психологиялық сүйемелдеу тобы» контингентінің балаларын анықтау кезіндегі мобильді топ қызметінің алгоритмі», қосымша білім және тәрбие бөлімінің басшысы Г. Бекетаева «Аутодеструктивті мінез-құлқы бар оқушыларға көмек көрсету кезіндегі бірлескен – іс әрекет» және «Senim Qogamy» ҚҚ директоры Ю. Челнокова «Байланыс шеберханасы: балалармен сенімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болады» тақырыптарында қатысушылармен диалог- лекциялар жүргізді.        

        Семинар жұмысының практикалық бөлімінде кәмелетке толмағандар  арасында аутодеструктивтік мінез – құлықтың алдын алу  бойынша кейс әдісімен топтық тапсырмалар талқыланды, өзекті мәселелер көтеріліп, мобильдік топта бірлескен іс -әрекетті жүзеге асыруға бағыттар берілді. 

         Қатысушылардың рефлексиясы семинар жұмысының тәжірибелік маңыздылығын көрсетті.

        Семинар – практикум жұмысы қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады. Алдағы күндер сәтті, нәтижелі болсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған