АТА ЗАҢ – ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ

Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Қ. К. Ахметқалиева Қазақстан Республикасының Президент орталығында «Ата Заң – елдігімнің  негізі» атты ашық сабақ өткізді.

Мақсаты – балалардың білімге деген құштарлығын және еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ  Ата Заңымызды құрметтеп,  Отанымызды қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысында балалар Астана қаласының тарихы мен көрікті жерлері туралы арнайы әзірленген бейне баянды тамашалады. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер Ата Заң туралы өлеңдер оқыды, «Өрнектер» биін биледі, «Алғашқы қоңырау», «Аяулы мектебім», «Оқуда озат боламын» әндерін орындады.

Балалар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы сұрақтарға жауап беріп, өз  құқықтарын білетінін көрсетті. Бұл шарада бүлдіршіндердің мектепке дайындығы жоғары екендігі байқалды.

Іс-шараға Әдістемелік орталығының өкілдері, қала мектептерінің педагогтері мен ата-аналар қатысты.

Сабақ соңында ҚР Президент орталығы басшысының орынбасары Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. Бүлдіршіндерге сыйлықтар ұсынып, жаңа оқу жылымен құттықтады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған