«Бейімделу аптасы» бойынша өткен іс- шаралар

Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның психологиялық сүйемелдеу бөлімі2023 жылдың 23-29 тамызы аралығында өтетін «Бейімделу аптасы» жобасы аясындаоқушыларды білім ортасына психологиялық бейімдеуге арналғаніс- шараларға әдістемелік көмек  көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

       Жас педагог- психологтарға көмек көрсету мақсатында әдіскер  К.Хамзина 23-28 тамыз күндері №№,74,83,91 мектептерінде   оқушыларды бейімдеуге арналған тренингтерге қатысып,  5-9 сынып оқушыларымен және ата-аналармен тренингтік жаттығулар жүргізді.        Тренингтер барысында 5-9 сынып оқушыларымен танысу,қатысушылардың бірлескен жұмысқа бейімделуіне арналған «Комплимент», «Патша»  атты және де басқа жаттығулар орындалды. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, рефлексия жасалды. Жас педагог- психологтарға бейімделу апталығының жоспарын  құруға, тренинг және  тимбилдинг жүргізудің тәсілдерін тиімді  қолдануға ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған