«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» семинар-практикум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік ортағы» МКҚК 2023 жылғы 28 тамыз аралығында тұтас тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін әрбір педагогке жеткізу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді.

Семинарға орта, ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарда Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК  Бекетаева Гүлдана Ескенқызы «Біртұтас тәрбие және құндылықтар», Бейсекова Толкын Батырбайкызы, №66 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшелігі»,   Гульбахыт Сэрээтэр, №37 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі «Математика пәнінің ішіндегі құндылық», Асхатова Аяла Асхатовна, №8 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі «Құндылыққа негізделген білім берудегі сынып жетекшінің рөлі», Ибрагим Марал Болатханқызы, коуч, тренер, арт-терапевт, консультант, психология магистрі «Құндылыққа негізделген ар-терапия» тақырыптарын ашып тәжіриебемен бөлісті.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

#Біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған