«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары»

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік ортағы» МКҚК 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында тұтас тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін әрбір педагогке жеткізу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді.

Семинарға орта, ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, сынып жетекшілер қатысты.

Семинар барысында 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары, сондай-ақ тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

#Біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған