«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҮРДІСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

Астана қаласы Білім басқармасының Астана қаласы педагогтеріне арналған ELORDALYQ BILIM» апталығының педагогикалық онкүндік аясында 15 тамыз күні пікірталас алаңдарын ұйымдастырды. Пікірталас алаңында алғы сөзді Астана қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Аманкелдиева Асыл Аманкелдіқызы алып «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҮРДІСТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР» отырысы қатысушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов,  Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға менеджері Бақытжан Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Алмагүл Мұхамедханова, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы білім беру қызметкерлері «Әділет» кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, «Тұлға» бастауыш мектебінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Елена Данилова жарыс сөзге шықты. 

Пленарлық отырыс соңында «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Гүлнұр Құдайбергенова Leader TopIQ республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Үзілістен кейін «Функционалдық сауаттылық: зерттеу және оқыту жолдары», «Hard Skills/Soft Skills: Student’s Academic Progress» пікірталас алаңдары өтті.

Сонымен қатар қатысушылар «Үздік педагогтардың педагогикалық технологиялар аллеясы» көрмесінде «Үздік педагог» байқауларының жеңімпаздарының озық тәжірибелерімен танысты.

Шараға 450-ден астам адам қатысты.

Материалдар: http://bilim.astana.kz / және https://astana-modern.edu.kz/ru/ сайттарында жарияланды. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған