Абай менің жүрегімде

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері Жанар Маман Сейтахметқызы мен Закира  Құрманбекқызының ұйымдастыруымен 9 тамыз күні Ұстаздар аллеясында Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының күніне орай ақынның  асыл, бай мұрасын ұлықтау мақсатында педагогтер арасында «Абай менің жүрегімде» шарасы өтті. 

Абай күні – Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді.

Кеш қонағы  ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында сөз қозғап, ақын, сазгер педагогтер ақынға арналған өз туындыларымен  үлес қосты.  Жиналған қауым Абай шығармаларын оқып, әндерін шырқады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған