ТжКББ жүйесін өңірлік дамытудың озық тәжірибелері

2023 жылғы 18-19 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы өңірлерінің ТжКББ жүйесінің қызметі бойынша тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында «ТжКББ жүйесін өңірлік дамытудың озық тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Бұл семинардың негізгі міндеті Білім Басқармаларымен, өңірлердің әдістемелік кабинеттерімен ТжКББ саласындағы озық технологиялармен тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру болды.

Семинар аясында Астана, Алматы, Жетісу қалалары, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Атырау облыстары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар өңірдің ТжКББ жүйесін дамыту, халықаралық тағылымдама, үздік жобалар, ТжКББ онкүндігі, өндірістен тәлімгерлерді ынталандыру, WorldSkills қозғалысын енгізу, ТжКББ, педагогтар қауымдастығын дамытудың негізгі бағыттары, Халықаралық салалық аккредиттеу, колледждерге дуальды оқытуды енгізу бойынша үздік тәжірибені ұсынды.

 Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскері Сейдахметова Бақыт Құрманғалиқызы ТжКББ педагогтарының қауымдастығы бойынша баяндама жасап, қауымдастықтың ерекшеліктерін, сондай-ақ ТжКББ педагогтарының білім беру платформалары саласындағы қызметін әдістемелік сүйемелдеуді, әдістемелік орталықтың сайты арқылы Елорда колледждері педагогтерінің үздік тәжірибесін жинақтауға қатысты инновациялық жобаларды көрсетті.

Кәсіптік-техникалық колледж директоры Иманғазинова Римма Асымқызы WorldSkills қозғалысын тиімді енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ол Астана қаласында өткен WorldSkills чемпионатына дайындық алгоритмін ұсынды, Елорда колледждерінде қозғалыс бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр, сондай-ақ әдістемелік орталықтың қандай көмегі жүргізілді.

 Семинарды қорытындылау кезінде барлық қатысушылар спикерлердің ұсынылған тәжірибелерінің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті, семинарға қатысушылардың тілектері мен ұсыныстары айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған