2023 жылғы 19-шілде күні Ақмола облысы Көкшетау қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Инклюзивті білім беруде арнайы білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе» тақырыбы бойынша республикалық семинарға Астана қаласының Әдістемелік орталығы басшысының орынбасарлары мен арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері қатысып іс-тәжірибелермен бөлісті. Аталған семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы басшысының м.а, Ақмола облысының Білім басқармасының басшысы, Ақмола облысының арнаулы білім беру ұйымдарының басшылары және Ақмола облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Семинар онлайн және офлайн форматында өтті.
Пленарлық бөлімде Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы және Ы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы басшысының м.а, Кожакова Светлана Исмагуловна сөз сөйледі.
Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ибраев Марат Өмірбайұлы Ақмола облысындағы инклюзивті білім берудің жай-күйі туралы және Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметі туралы айтып өтті.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар Көкшетау қаласының
№19 , №4 жалпы білім беретін мектептеріне барып инклюзивті қолдау кабинетінің жұмыстарын көрді. Мектептердегі инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталықтың арнайы мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр кабиентті таныстыра отырып, сенсорлы бөлме, педагогикалық-психологиялық қолдау кабинеті, логопед, дефектолог, бастауыш сынып мамандарының ЕБҚ балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. АВА- терапиясымен жұмыс жасайтынын мамандар, келген қонақтармен шебер-сынып өткізіп өз тәжірибелермен бөлісті.
Сонымен қатар қаладағы №10, №6 психологиялық педагогикалық түзету кабинеттерінің, «Жұлдыз» облыстық санаторий үлгісіндегі орта мектеп интернаттары жаңа құрал- жабдықтармен жасақталып ерекше білімді қажет ететін балаларға талапқа сай жағдай жасалғанын атап өткен жөн.
Қорытындылай келе «Инклюзивті білім беруде арнайы білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе» атты республикалық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Мағлұматтардың түсінікті, әрі сапалы түрде жеткізілді.
Бұл біздің білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен оқушыларды оқыту барысында пайдалы әдістемелік тәжірибе алмасу болды.