Астана қаласы Білім басқармасы және Әдістемелік орталықтың оң тәжірибесін тарату

Өтетін орны: Астана қаласы, Әдістемелік орталық, Қабанбай батыр көшесі 33, 4 қабат, конференц зал

Өткізілетін күні: 17.07.2023 ж. – 18.07.2023 ж

Өтетін уақыты: сағ. 10.00 – 17.00

Өткізу формасы: семинар-практикум

2023 жылдың 17 шілде күні Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Әдістемелік орталықтың оң тәжірибесін тарату» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар мақсаты – өңірлердегі әдістемелік орталықтардың бір-бірімен тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинарға Алматы қаласының, Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының білім басқарма өкілдері, әдістемелік орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, мектеп басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Семинар мазмұны «Білім беру ұйымдарын қолдау механизмдері», «Зерттеу және талдау» атты екі модульден тұрады.

Жоғарыда аталған модульдерді талқылау барысында Білім басқармасы мен Әдістемелік қызметкерлері орталық мектептердің құрылымын сақтай отырып жаңарту бағытында «Заманауи мектеп» жобасы, жас мамандарды әдістемелік қолдау мақсатында «Жас директор», «Жас орынбасар» клубтары, жас педагог мектебі сонымен қатар инновациялық жобалар, эксперименттік алаңдар туралы және білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, Мектептердегі білім сапасын басқарудың тиімділігі бойынша кешенді зерттеу нәтижесі мен мектептерді қолдау бағдарламасы ұсынылды

2023 жылдың 18 шілде күні семинар тәжірибе алмасу барысында «Мектептегі тәрбие жұмысын жаңғырту: стратегия және құндылықтар» бағыты бойынша №№ 8,87,90 орта білім беру ұйымдарында жалғасады.  Екінші күні семинар жұмысы қатысушылардың сұранысы бойынша ұйымдастырылып, тәжірибені практикада қолдану арқылы қарастырылады.  

Семинар нәтижесі бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін толықтырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған