«Отбасымен оқыған бір кітап» READx форматындағы іс-шара

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 12 шілде күні мұғалімдер аллеясында «Оқуға құштар» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқылған кітаптарды талқылауға жағдай жасау, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру, әдеби сөйлеуді дамыту мақсатында READx форматында «Отбасымен оқыған бір кітап» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараға Астана қаласының білім беру ұйымдары кітапханашылары, педагогтер, ата-аналар және оқушылар қатысты.

Спикер ретінде қатысқандар:

Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Кулмагамбетова Динара Аскаровна;

№8 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Абельдина Ақнұр Қайратқызы;

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Қайролла Қарақат Қайроллақызы;

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Қайыржанова Мадина Әлібекқызы және 7 сынып оқушысы Абдужалил Асылай Бақтыбайқызы.

«Отбасымен оқыған бір кітап», READx форматындағы іс шара әдеби идеялармен алмасу және спикерлер мен аудитория арасында диалог құру алаңына айналды. Спикерлер оқылған кітаптар туралы өз әсерлерімен және білімдерімен бөлісті, ал қатысушылар жаңа ұсыныстар мен оқуға деген шабыт алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған