Мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған іс-шара өтті

2023 жылғы 05 шілде күні Әдістемелік орталығы ұстаздар саябағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарын  QUEST-технологиясы арқылы дамыту» тақырыбында  іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері балалармен жұмыста қолданылатын заманауи және жаңа инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, «QUEST» -технологиясын  мектеп жасына дейінгі баланың оқу-іс-әрекетінде  қолданудағы тиімді әдістері», «Іздеген жетер мұратқа» шебер сыныптар және Ойнайық та, ойлайық»,  «Ғажайып сиқырлы сандық»,  «Лого-квест» ойын жаттығуларын көрсетті.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогтері мен  ата-аналар қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған