«Ел ордасы елімнің – Астана» балалар мерекесі

Астана күні – елдігімізді ұлықтайтын ерекше мереке осыған орай, 2023 жылдың 30 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кітапханасында №86 «Зияткер» балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен Елорда күніне орай «Ел ордасы елімнің – Астана» балалар мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік кеште балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көремендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында, елорда балабақшаларының арасында Астана күніне ұйымдастырылған сурет байқауының қорытындысы қорытындылап, жүлдегерлер Дипломмен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған