Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтерінің әдістемелік жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру

2023 жылдың 15 маусымында Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Давлетбаева Р.Қ., Исина Н.С., Сейдахметова Б.К. «Әдістемелік кеңес сағаты»  жобасы аясында Astana IT University колледжі педагогтеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтерінің әдістемелік жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту семинарын  өткізді.

Семинар қатысушыларына авторлық әзірленімдерді дайындау, педагогикалық аттестацияның кезендерінің  өту тәртібімен, оқытушыларға қажетті  оқу-әдістемелік құжаттамаларды ресімдеу мен жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу,  ТжКББ ұйымдарында эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен   әр түрлі әдістемелік  іс-әрекет   бағыттары  бойынша толық түсіндірмелер берілді.

          Колледж педагогтері семинардың өзектілігі және әдістемелік  көмектің  уақытылы көрсетілгенін атап өтті.

Әдістемелік семинарға 25-тен астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған