2023 жылғы 15 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Өзбекәлі Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицейінде «Оқушыны тәрбиелеудегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің жұмыс бағыттары» тақырыбында семинар тренингіөтті.
Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, менеджерлерге кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.
Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 35-тен астам құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер қатысты. Іс-шара барысында №20 орта мектебінің педагог-психологы Каиргожина Айгуль Каппасовна «Кәсіби қызметтің уәждемесін арттыру» тренингті өткізді. №35 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Айдарбекова Асем Саткешевна «Проблемалық жағдайлар және олардың шешу жолдары» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, № 56 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Досжанова Сабира Сабырбекқызы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің бейнесі» тақырыбында сөз сөйледі.
Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, тәжірибе алмасып, қойылған сұрақтарды талқылады.