READx форматында «Мен оқыған бір кітап» іс-шарасы өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 маусым күні Ұстаздар саябағында READx форматында «Мен оқыған бір кітап» іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараға ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Албытова Н.П., тарихшы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Астана халықаралық университетінің Жоғарғы өнер мектебінің деканы Ыбырай С.Б., Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ихсан Д.М., №7 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі Рыспаева Ү.С. және Супыгалиевтер отбасы қатысып, өздері оқыған шығармаларын таныстырды. Супыгалиевтер отбасының анасы балаларын қалай кітап оқуға дағдыландырып, кітапқа деген ынтасын арттыру жолдарымен бөлісті. Спикерлер, тыңдаушылар алдында оқыған кітаптарының тарихын, мазмұнын баяндап, аудиторияны кітап оқуға деген қызығушылығын оятты.

Іс-шара басталмас бұрын қатысушыларға бағалауға арналған карточкалар үлестірілді. Карточканың бірін көтеру арқылы кітапты «Оқимын» немесе «Ойланамын» деп дауыс берді. Дауыс беру нәтижесінде спикерлердің қай кітабы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырғаны байқалды.

Іс-шараға 60-қа жуық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, ата-аналар, және қала тұрғындары қатысты .

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған