«ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»

«Әдістемелік орталық» МКҚК қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің Педагогтер қауымдастығын ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған  педагогтерді  қолдау мақсатында әр оқу жылының басында қалалық қаза тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарының «Жас маман» клубына қабылдап, жыл бойы Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне әдістемелік  көмек көрсетіледі.

8 маусым 2023 ж. күні онлайн форматта әдіскер Жанар Сейтахмет пен жас мамандар жетекшісі Гүлшат Сабыржанқызының ұйымдастыруымен жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған «Заманауи трендтер және педагогтердің цифрлық құзыреттілігі» тәжірибе  алмасу алаңы өтті.

        Жас мамандар және жас мамандар көшбасшысы Динара Думанқызы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» оқу пәндері бойынша оқыту процесінде цифрлық контентті тиімді пайдалану,  инновациялық технологияларды сабақ мақсатына сай қолдану әдіс-тәсілдерін  ортаға сала отырып, алаңда бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған