Closing Ceremony for city-wide young English teacher club participants conducted by Alumni of the OPEN Program Astana

2023 жылғы 05 маусым күні сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК маусым айының жоспарына сәйкес Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында US Embassy елшілігінің қатысуымен ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған «Closing Ceremony for city-wide young English teacher club participants conducted by Alumni of the OPEN Program Astana » тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: «OPEN бағдарламасы» курстарына қатысушылары алған білімдерін ағылшын тілі пәні жас мамандырына шебер сабақ ретінде оқытып, оқушылардың  ынтасын қалай арттыру, қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды әзірлеу және пайдалану жолдарымен бөліседі.

Қатысушылар: Астана қаласы  50 мектептерінің ағылшын тілі пәнінің жас мамандары қатысты.

Семинар 3 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық, 3 бөлім мараппаттау рәсімі.  Осы семинарға мектептің 5 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды Әдістемелік орталығының әдіскері А. Б. Амирова «Closing Ceremony for city-wide young English teacher club participants conducted by Alumni of the OPEN Program Astana» семинардың барысымен таныстырып, 2021-2023 жылғы English Language Fellow бірлесіп атқарылған жұмыс бойынша айтты. Kevin McCaughy, Regional English Language Officer «A Guide to More Active English Lesson» тақырыбында сөз сөйлеп, мұғалімдермен практикалық жұмыстар жасады. Іс-шараны әрі қарай, US Embassy Astana EL Programs Coordinator, Olga Paterova «The U.S Embassy English Language Programs and American English Recourses» тақырыбында, The U.S Department of State English Language Fellow өкілі August Garnsey «Energizers»  тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Cеминардың екінші бөлімі  секция сабақтарымен жалғасты. Чулкова Наталья Юрьевна, School – lyceum 1, «Integrating Critical Thinking skills into the Exploration of Culture in an EFL Setting» тақырыбында, Бахтиярова Анаргүл Жулатовна, Astana English School International specialized Gymnasium 81 «Teaching Grammar Communicatively» тақырыбында, Айтжанова Сания Оразақовна, School – lyceum 70,  «Methodology for TESOL» тақырыбында, Сыздыкова Жұлдыз Габдулкадировна, School – lyceum 54, «Creating and implementing online course» тақырыбында шебер сыныптар өткізді.

Семинар соңғы бөлімінде Haileybury Astana School директоры John Coles мырзаға сөз берілді. Мусин Дарын Тлеугалиевич, English Teacher at Specialized Lyceum 82 «Daryn «Fostering Student’s Motivation and Engagement» тақырыбында, сонымен қатар August Garnsey  қатысушы мұғалімдермен тренинг жүргізді. Cеминар соңында Алтынай Бекбаевна сөз алып, қатысушы мұғалімдер мен шетел қонақтарын мараппаттады.

       Кері байланыс padlet тақтасы арқылы алынды. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан  мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған