Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі

2023 жылдың 7 маусымында мұғалімдер аллеясында арнайы білім беру мұғалімдеріне арналған үш қалалық байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

  • 1. «Арнайы мектептің үздік педагогы (мұғалімі)» номинациясы бойынша жеңімпаз – Смагулова Жанагуль Жанайдаровна, №2 Арнайы мектеп арнайы педагогі;
  • «Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз – Имамбаева Марина Алиевна, №1 Арнайы мектеп-интернатының арнайы педагогі;
  • «Арнайы балабақшаның үздік педагогы (тәрбиешісі)» номинациясы бойынша жеңімпаз – Кайнарбаева Гулжазира Джолдасбековна, №5 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі;

Байқау Ережесі негізінде әділқазылар алқасы 1 педагогке арнайы номинация тағайындады.

  • «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізген ең үздің жеке сабақ» номинациясы бойынша жеңімпаз – Мауенова Молдир Макимовна, №65 мектеп-гимназиясының арнайы педагогі.

2. «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» қалалық байқауының қорытындысы туралы

  • «Үздік сабақ» (жеке немесе кіші топ сабағы) номинациясы бойынша – Накыпова Венера Бугибаевна, №2 ОО педагогі;
  • «Мүмкіндігі шектеулі баланың ең үздік жеке даму бағдарламасы» номинациясы бойынша – Абдирова Айгуль Кайратовна, №1 ОО педагогі;
  • «Арнайы педагогтердің, педагог-психологтың, ЕДШ нұсқаушысының «Үздік әдістемелік кейсі» номинациясы бойынша жеңімпаз – Жумабекова Асель Нурлановна, №1 ППТК педагогы;
  • «Педагогтың үздік бейне-визиткасы» номинациясы бойынша – Журкабаева Гайшагуль Сауткановна, №1 ППТК педагогы

3. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның

үздік маманы» қалалық байқауының қорытындысы туралы

  • «Педагогтың үздік видео-визиткасы» номинациясы бойынша жеңімпаз – Крошанова Лариса Александровна, Астана қаласы әкімдігінің №2 ПМПК педагогі;
  • «Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясы бойынша жеңімпаз – Абилгаламова Айсулу Кенжехановна, №4 ПМПК педагогі;

Қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, биік белестерді бағындыру және еңбек жолыңызда өркендеу тілейміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған