«Инновациялық және эксперименттік жұмыс білім беру қызметінің сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті

Эксперименттік қызмет жұмысын қорытындылау және жабу мақсатында Астана қаласының №36 орта мектебінде 2023 жылғы 29 мамырда «Инновациялық және эксперименттік жұмыс білім беру қызметінің сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға Астана қаласы мектептерінің педагогтері мен директорлардың орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында:

– эксперименттік алаңды жүзеге асыру кезеңдері мен жұмыс қорытындылары таныстырылды;

– «Біз не білеміз және не істей аламыз» мектепалды даярлық сыныбымен диагностикалық зерттеу жүргізілді;

– арт-терапия элементтерімен тренинг;

– ата-аналар бөлмесі, әдеби қонақ бөлмесі, театр бөлмесі;

– Интерактивті дәріс және пікірталас;

– психологиялық және оқырман клубтарының отырыстары.

Семинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған