Студенттермен жүргізілген психологиялық тренинг

2023 жылдың 24 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» базасында

«WorldSkills» ұлттық және халықаралық жарыстарына қатысатын студенттерді психологиялық дайындау мақсатында «Біз біргеміз» тақырыбында тренинг өткізді, қатысқан студенттер саны 22.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К.Хамзина қатысушыларды өтетін сабақтын негізгі мақсатымен таныстыра отырып, эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыруға арналған жаттығулардан бастады.

«Қазақстан Швейцария-Американдық колледжінің» педагог-психологі Д.Искакова өзіне деген сенімділікті дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру, тиімді қарым-қатынас жасау, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі жаттығуларды қолданды.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу дағдыларын бекіту және позитивті ойды дамыту жаттығуларын жасата отырып, «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» медициналық колледжінің педагог-психологі А.Сейтахметова стресстен шығу жолдарын көрсетті.

Студенттің қабілеттерін барынша ашу және конкурстарда жақсы нәтиже алу үшін барлық жеке ресурстарды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.Ұлттық команда құрамының сайыста жеңіске жетулеріне тілек білдіреміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған