«Адамгершілік білімнің қажеттілігі мен маңыздылығы» тақырыбында дәріс өткізді

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Корея Республикасы халықаралық ақыл-ой-ағарту орталығының (IMEI) директоры SEO JIN WOOK-пен бірлесіп, М. Жұмабаев ат. халықаралық колледжі және Қазтұтынуодағы жоғары колледжі базаларында 2023 жылғы 23-24 мамырда «Адамгершілік білімнің қажеттілігі мен маңыздылығы» тақырыбында дәріс өткізді.

             SEO JIN WOOK директоры әлемдік қоғамдастықта Кореяның қалыптасуы мен дамуы, экономика, индустрия, мемлекеттіліктің қалыптасуы және біртұтас жалпы адамзаттық құндылықтар мен мәдениет мәселелері туралы ақпаратпен бөлісті. Ол дамыған елдің бастауында халықтың табандылығы, еңбекқорлығы мен ақыл-парасаты болғанын атап өтті.

             Сонымен қатар, қажетті табиғи ресурстарға ие болмай, Корея Республикасы мұнай, машиналар, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өндірісінде жетекші орын алатын дамыған елге айналды. Өз бақылауларынан көптеген мысалдар келтірді және белгілі компаниялардың елдің жетістіктері мен өркендеуіне қол жеткізу, MIND білім берудің қалыптасуы туралы ақпараттармен бөлісті.

            Дәріс барысында SEO JIN WOOK студент жастарға қоғамдағы гуманизмді, толеранттылықты дамытудың және тарихи мәдениетті сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Қазақстанда зияткерлік қоғамды дамыту үшін жеткілікті ресурстар және үйлесімді тұлғаның қалыптасуы үшін жағдайлар бар екеніне сенім білдірді.

             Колледж педагогтері мен студенттері әңгімеге белсенді қатысып, білім беру жүйесі, медицинаны дамыту, жастар мен өскелең ұрпақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және        т.б. сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, дәріс өткізгені үшін халықаралық ақыл-ой-ағарту орталығының өкіліне алғыстарын білдірді.

            Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты.

            Келесі кездесу Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің ұжымымен жоспарланған.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған