«Тарих пәнін оқытудағы мәселелер» атты ТED-x форматындағы қалалық оқыту семинары

Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 22 мамыр күні №38 мектеп-лицейінің базасында «Тарих пәнін оқытудағы мәселелер» атты  ТED-x форматындағы қалалық оқыту  семинарын тарих пәні мұғалімдеріне өтті. Семинарда алғы сөзді  мектеп-лицейдің директоры Қ.К. Муканов   алған   соң,   модератор   Әдістемелік   орталықтың   әдіскері

Д. Амиргалиева  «Мектептегі тарих пәнінің оқытылуы» тақырыбындағы баяндамасында оқушылардың білім сапасын көтеруде пән мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстарына, әр түрлі әдіс-тәсілмен сабақ өтілген іс-тәжірибеге торқталды. Қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ  қала маңындағы мұражайларда   өткізген   сабақтың   берері   молдығына  сараптама   жасады.

Бағдарлама бойынша Г. К. Иманбаева 9 «Е» сын. Қазақстан тарихы пәнінен ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» тақырыбында, 7 А сын. Қазақстан тарихы пәнінен  «ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы»  тақырыбында С.М. Дәулет №38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері ашық сабақты ТED-x форматында өткізіп, оқушылардың білімдерін көрсете білді. Әріптестер Г.М. Кабылдина Ж.Жабаев ат. №4 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі  «Тарихты мәтінмен түсіну», Ө.Р. Шнанов Ә.Бөкейхан ат.№76 мектеп-лицейі тарих пәні мұғалімі  «Оқушылардың тарихи танымын арттырудағы мұражайлар ролі», Г.К. Кунанбаева  №70 мектеп-лицейінің тарих   пәні    мұғалімі    «Топтық  жұмыста   рөлдік  ойындардың   маңызы», Ж.С. Накипбекова  №63 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Тарих сабағын оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Қазақ жерінің тұтастығын сақтаушы-Жұмабек Ташенов» 9 сыныпқа арналған вариативті курс бағдарламасымен А.А.Сагитова 38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі таныстырды.

Д Амиргалиева Әдістемелік орталықтың  әдіскері семинар жұмысын қорытындылап, әріптестер кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған