Педагогикалық тәжірибенің интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының мүмкіндіктері

        Астана  қаласы, Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы «Вinom school» мектеп-лицей базасында «Педагогикалық тәжірибенің интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының мүмкіндіктері» тақырыбында Астана қаласының химия, биология, география пәндерінің жас мамандарына қалалық семинар өтті. Іс-шара  Ы.Алтынсарин атындағы «Вinom school» мектеп-лицейінің директоры  Кемелбек Берікболсын Маратұлының алғы сөзімен басталды. Семинар ары қарай тәжірибе алмасу бөлімімен ұласты. Бағдарламаға  сәйкес, елордамыздың педагогтері  Б.Нурмуратова, Г. Рахимжанова, Г. Оспанова,  Ш.Коянбаева, Ж. Даулетқалиева, Ержанқызы Сабина,  Е.Кирик, Ә. Мамай, Б. Ракымжановалар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі  В.Сидоренко іс-шараға қатысқан жас мамандармен тренинг өткізді.

     Теориялық білімі және тәжірибелік шеберлігімен бөлісуге арналған семинарда қатысушылармен ашық диалогтық алаң құрылып өзара пікір алмасу орын алды. Қатысушылар оң пікірлері мен алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған