«Брейн-ринг» байқауы өтті

2023 жылдың 18 мамыр күні Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған  жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы өтті.

Байқауда «Армысың, балақай!» топты таныстыру, «Сен білесің бе?» – жол жүру ережесі, жол белгілері тақырыбына байланысты сұрақ-жауап викторинасы және «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Бағдаршам», «Қауіпсіздік аралы» тақырыбындағы сюжетті-рөлді ойын бөлімдері бойынша мектепалды топ балалары өнер көрсетті.

Байқау Астана қаласының 4 ауданында бір уақытта өтті.    «Есіл» ауданында 27 топ, «Сарыарқа» аудынында 29 балабақша, «Алматы» ауданында мемлекеттік тілде 22 топ, орыс тілінде 10 топ және «Байқоңыр» ауданында 14 топ қатысты. Байқау соңында жеңімпаз балабақшалар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, педагогтер мен тәрбиеленушілер сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған