Жас математиктер арасындағы Халықаралық байқау өтті.

2023    жылғы  16-17 мамыр күндері  Қызылорда қаласында Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы Халықаралық байқау өтті.   Сайыстың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру.

Байқауға қатысудың маңыздылығы мұғалімдердің мәртебесін көтеру, басқа елдерден келген педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және қарым-қатынасын нығайту, жас математиктердің кәсіби дағдылары мен шығармашылығын дамыту, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру.

Интеллектуалды сайысқа қатысып жүлделі орын алған қала мектептерінің мұғалімдері Шойбасов Асқарбек Темірханұлы №65 мектеп-гимназиясы,  Спаш Жансая А. Бөкейханов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Жұмахан Нұршат Қ. Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің  жас математика пән мұғалімдері өздерінің  іс-тәжірибесімен бөлісіп,  ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас математиктерге Әдістемелік орталық ұжымы отбастарына бақыт, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған