«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқаудың қалалық кезеңін өткізді.

Елордалық балабақшалардан байқауға 29 өтінім келіп түсті. Сараптамалық комиссия мүшелері қатысушылардың конкурстық материалдарына сараптама жүргізіп, байқаудың жеңімпаздарын анықтады:

Гран-при – Асылбекова Гульнара Кариполлиновна, «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасының педагогі;

І орын – Акжигитова Марал Оспановна, Астана қаласы әкімдігінің № 47 «Ақ желкен» балабақшасының педагогі;

ІІ орын – Султанбекова Сабира Сейдахметқызы, Астана қаласы әкімдігінің №37 «Арман» балабақшасының педагогі

ІІІ орын – Омарова Жибек Сериковна, Астана қаласының № 95 «Алматы» балабақшасының педагогі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған