МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Педагогтер қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған «Басқа ұйымдастырылған іс – әрекет түрлерінің интеграциясын ескере отырып, дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысында дене шынықтыру нұсқаушыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.

Семинарда «Сиқырлы тастың құпиясы» ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді. Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі ұйымда ойналатын ұлттық ойындарды жаңаша түрлендіру» , «Современные подходы к организации физкультурных досугов и праздников в детском саду», «Нейроигры и нейроупражнения на физкультурных занятиях» тақырыбында педагогтер өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған