«Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты республикалық конференция өтті

2023 жылғы 16 мамырда «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей базасында «Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты республикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына 100-ден астам адам, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның, Қазақ тамақтану академиясы, «Нестле Фуд-Қазақстан» ЖШС, «Нестле-Ресей» өкілдері Алматы, Шымкент және басқа облыстардың әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.
Конференцияның пленарлық сессиясында жобаны жүзеге асыру, оның өзектілігі мен тарихы туралы тақырыптар талқыланды, атап айтқанда:

  • «Балалардың тамақтану ерекшеліктері», Берденова Гүлнар Тұралиқызы, Алматы қаласы Қазақ тағамтану академиясының, тамақтануды рационализациялау зертханасының меңгерушісі;
  • «Дұрыс тамақтану мектебі-Nestle жаһандық бағдарламасының бөлігі. Дені сау балалар», Макеева Александра Герман, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы «Нестле-Ресей» компаниясының білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты;
  • «Бағдарламаның интерактивті ресурстары», Роговая Светлана Ивановна, «Нестле-Ресей» компаниясының әдіскері, білім беру бағдарламалары бөлімінің аға үйлестірушісі;
  • «Дұрыс тамақтану негіздері», Яковлева Наталья Николаевна, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы «Нестле-Ресей» компаниясының нутрицологы;
  • «Салауатты тамақтану мектебі: табысты жұмысқа 10 жыл», Ежова Татьяна Владимировна, Алматы қаласы бойынша «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жаңа оқыту технологиялар мен ақпараттық-талдау және баспа жұмысы бөлімінің басшысы.

Бұдан әрі, Алматы қаласы №78 мектеп-гимназиясының педагогтері, Розбакиева Гүлмира Кахарманқызы, Хандогина Алла Васильевна, «Жаңа цифрлық курстың» тұсаукесерін, сонымен қатар, Абдуахитова Индира Кабдуллаевна, Тұрғымбаева Әлия Айтжуманқызы, Астана қаласы
С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып педагогтері 1-сыныпқа арналған «Салауатты тамақтану әліппесі» оқу-әдістемелік кешеннің тұсаукесерін өткізді және ол жаңа оқу жылында Астана қ. мектептерінде қолдануға ұсынылды.

Конференция соңында қатысушылар алған әсерлерімен, эмоцияларымен бөлісті, қызықтырған сұрақтарға жауап алды және кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған