WORDSKILLS – 2023

   2023 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында «WORDSKILLS – 2023» жұмысшы мамандықтарының Ұлттық  және  халықаралық чемпионаттарына дайындық шеңберінде қалалық біріншіліктің жеңімпаз студенттері үшін Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық»  МКҚК  тарапынан семинарлар, тренингтер, топтық және жеке консультациялар ұйымдастырылады.

   Іс-шараның мақсаты: интеллектуалдық, физикалық және эмоционалдық стресстің жоғарылауы жағдайында мәселелерді сәтті шешуге қажетті студенттердің психологиялық қасиеттерін дамыту.

   2023 жылдың 12 мамыры күні «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің базасында  Астана қаласы құрама командасының   30 студентіне арналған алғашқы  психологиялық тренинг өткізілді.

  Тренинг жұмысына Әдістемелік орталықтың тәжірибелі әдіскерлері мен колледждердің оқытушы-психологтары тартылды. ТжКБ бөлімінің әдіскері Исина Н.С. және әдістемелік орталықтың психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Хамзина К.М студенттер арасында кәсіби және тұлғалық қасиеттерін өзіндік бағалауын дамыту бойынша пікрлерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер берді.

Д.Қонаев атындағы колледждің оқытушысы, колледж психологы  Г.Бөлекбаева қызықты және танымдық түрде ұжымды біріктіруге, топтық өзара әрекеттесуге, коммуникативті дағдыларды жетілдіруге арналған тренинг жұмысын ұсынды.

«Астана» халықаралық университеті педагогикалық колледжінің оқытушы-психологы А.Болатхан бәсекелестік ортада күйзеліске төзімділікті арттыру, сонымен қатар әртүрлі эмоционалды және стресстік жағдайлардан сәтті шығу жолдары бойынша практикалық ұсыныстар берді.

Семинар соңында шараға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға психологиялық-педагогикалық көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған