Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің қабырғасында 2023 жылдың 11-мамыр күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныпта нәтижелі білім беру: өзекті мәселелер, шешу жолдары» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты-бастауыш сыныптардың білім сапасын көтеру және педагогтердің іс-тәжірибесін тарату.
Іс-шараның алғы сөзінде Әдістемелік орталықтың орта білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Шакирова Шарипа Химановна Орталықтың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, қала бастауыш сыныптарының тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
Конференцияның пленарлық бөлімінде жеті спикер жұмыс көрсетті.
- Таубай Пернекүл Таубайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастауыш білім зертханасының меңгерушісі, п.ғ. магистрі;
- Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;
- Макышева Алия Долдановна, Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOL мектеп-лицей директоры, шебер-педагог
- Сембаева Асем Болатовна, А. Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOL мектеп-лицейінің педагог-психологі;
- Сыздыкова Лязат Тасбергеновна, Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжі директорының оқу — өндірістік жұмыстары бойынша орынбасары;
- Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері Жангазакова Қарлығаш Есимхановна, №78 мектеп-гимназиясының директоры, шебер-педагог;
- Журунтаева Сауле Байкешовна, Педагогикалық Шеберлік орталығының аға менеджері.
Конференцияның практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері жеті секция бойынша жұмыс жасады.
- ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру және көркем жазуға үйретудің инновациялық технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдері»
- ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру арқылы бастауыш сынып оқушысының тіл байлығын дамыту»
- МАТЕМАТИКА
Тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде математикалық білімді күнделікті өмірде қолдану ерекшеліктері»
- ДҮНИЕТАНУ
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушысының дүниетанымы мен ғылыми сауаттылығын дамытудағы зерттеу жұмысының маңызы»
- РУССКИЙ ЯЗЫК, ЛИТЕРАТУРНОЕ ЧТЕНИЕ
Тақырыбы: «Инновационные технологии и эффективные методы и приемы обучения художественному письму и повышение функциональной грамотности младших школьников»
- МАТЕМАТИКА
Тақырыбы: «Особенности применения математических знаний в повседневной жизни, в воспитании конкурентноспособной личности»
- ПОЗНАНИЕ МИРА
Тақырыбы: «Значение исследовательской работы в развитии мировоззрения и научной грамотности младшего школьника» Іс-шараның маңызды кезеңі рефлексия. Кері байланыс орнату үшін №82 «Дарын»мамандандырылған лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Шокеева Гүлжанат Жақсылыққызы және №65 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Ақылбекова Лиза Мауткановна шықты. Конференцияға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен жас мамандар қатысты.