САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ҚОҒАМНЫҢ СҰРАНЫСЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН ӨМІРШЕҢ ТЕХНОЛОГИЯ

2023 жылы 12 мамырда Астана қаласы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған республикалық семинар өтті. Бұл жиынға Астана, Алматы қалалары, Қарағанды облысы Балқаш қаласы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» зертханасының жетекшілері, Білім басқармасынң басшылары, мектеп басшылары мен орынбасарлары қатысты. Өздерінің жүрекжарды құттықтау сөздерімен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Назиханова Саманта Нұрланқызы, Ғылым және жоғары білім министірлігі, Тіл саясаты комитеті «Тіл қазына» орталығы әдістеме басқармасының басшысы ф.ғ.к., Ысқақова Жазира Мақсұтқызы, ҚР «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғиынұлы, Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының қолдаушысы Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының орынбасары Әділбаев Серік Тәукеұлы, Астана қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, орта білім мазмұны институты, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері п.ғ.к., Кенжебаева Гулдариға Мерекебайқызы сөз алды.

Аталған семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих пәндерінен понарамалық сабақтар, 1-4 сыныптар арасында ашық сабақтар, «Үштікодақ» Отбасының өнегесі – Отан өнегесі атты отбасы тартулары ұстаздық қызметінің 30 жылын Алаш зиялыларының білім саласында қалдырған баға жетпес мол мұрасын зерттеп, қазақ балаларының терең білім алып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда өзіндік орны бар Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының практикалық жетістіктері көрсетілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған