Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2023 жылдың 11 мамыр күні №32 МГ базасында ата-аналарға арналған «Ата-ана махаббаты» тақырыбында семинар-тренинг өтті, 25 ата-ана қатысты.
Әдіскер Т.Сатымбекова семинарда ата-аналарға жаңа өмірге ұмтылған қазіргі таң балаларына жылулық ,мейірімділік, ата-ана махаббаты ауадай қаншалықты қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ бүгінгі таңда жас ұрпақты болашық қоғамның тұлғасы етіп тәрбиелеу, оның сапалы білім, саналы тәрбиелі болып өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдай туғызу, баланың рухани байлығын, мәдениетін, білімділігін, қарым-қатынасын, іскерлігін арттыру-біздің ата-ананың ұстаздар қауымының негізгі міндеті екені түсіндірілді.
Ата-аналар өзекті мәселе туралы өздерінің ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды, психолог кеңесіне алғыстарын білдірді.