«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ОРТАҚ ІС, КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК» АТТЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ

2023 жылғы 11 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік  орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Тәжірибе алмасу – ортақ іс, кәсіби қажеттілік» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтері мен Кәсіптік-техникалық колледж оқытушылары қатысты. Семинар барысында  Оқушылар сарайының «Арт-дизайн» бөлімінің педагогтері мен оқушылары тоқыма, бисермен жұмыс істеу, маникюр, визаж, шаштараз өнері бойынша шеберлік сынып, дефиле көрсетсе, Кәсіптік –техникалық колледж  студенттері аспаздық, киім тігу бойынша шеберлік сынып көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған