Республикалық семинар

2023 жылдың 4 мамыр күні №15 «Дарын балабақшасында «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында  республикалық семинар өтті. Семинарға Қазақстанның Ақмола облысы, Тарбағатай, Бұланды ауданы, Қызылорда, Арқалық, Атбасар және Астана қалаларынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  жиырмадан астам арнайы мамандар мен әдіскерлер қатысты.  Семинар бағдарламасы бойынша қатысушылар психолог, дефектолог, логопед мамандарының кабинетіне экскурсиядан бастады.Балабақшадағы жұмыс жасап жатқан қосымша вокал, робототехника және интеллектум, скалодром, тұзды шахта, құм терапиясы үйірмелерінің жұмысымен танысып, өздерінің ерекше әсерлерімен бөлісті. Арнайы мамандар өздерінің жұмыстарында қолданылып жатқан жаңа инновациялық технологиялар мен оның ішінде «киіз үй – «логомер-2» бағдарламасы бойынша сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар: артикулияциялық жаттығулар, тыныс алу, фонетикалық- фонематикалық есту қабілетін жалпы және ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар, «Ақылды айна»-сөйлеу тілін дамытуға арналған инновациялық технология, сенсорлы интерактивті үстел-жұмысымен таныстырды. Семинар соңында, арнайы мамандар өздерінің көрнекілік құралдарымен және жеке жұмыстарымен  бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған