«Мұхтар Әуезов шығармаларындағы ұлттық рухани-әдамгершілік құндылық» атты республикалық өңіраралық телекөпір

2023 жылғы 5 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес «Мұхтар Әуезов шығармаларындағы ұлттық рухани-әдамгершілік құндылық» атты республикалық өңіраралық теле- көпір өтті. Телекөпірге Астана қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыста рының мұғалімдері қатысты. Телекөпірдің модераторлары- Ахметкалиева А.М., Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері мен Ташетова Ж.Х., «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері.

Қатысушылар қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын насихаттай отырып, туындыларындағы ұлттық құндылықтың маңызын айқындап, қашықтықтан тәжірибе алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған