БАЛАБАҚШАДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

           Астана қаласының №3 «Күншуақ»  балабақшасында 2023 жылғы 4 мамыр күні «Тиімді педагогикалық тәжірибе: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жағдайында теориядан практикаға» тақырыбында қалалық семинар өтті.

        Еуразиялық педагогикалық институтының мектепке дейінгі кафедрасының ғылыми жетекшісі Тобағабылова Ырысты Рамзиевна мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларымен тақырыбында балабақшада монтессори, жобалау, Триз, денсаулық сақтау тиімді қолдану әдістерін  баяндады. 

  Балабақша психологі Сингапур әдісімен шебер-сынып көрсетті. Сингапур технологиясының негізгі принциптері:

  • топтың барлық мүшелерінің өзара тәуелділігі;
  •  әркімнің жеке жауапкершілігі;
  • әрқайсысының тең қатысу үлесі таныстырды.

Мектепалды “Ақкөгершін” топ тәрбиешісі Крепс А.Л. балалармен « Ойнаймыз да, санаймыз» ұйымдастырылған іс-әрекетінде қаржы сауаттылығын элементтерін қолданып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін , танымдық дағдыларын арттыру жұмыстарын көрсетті. Балалардың бар ынтасымен іс-әрекеттерге  қатысып, қызығушылықтарын білдірді.

     Қазақ тілі маманы Раметова С.Ш. орыс топ ата-аналар және балалармен өткізген « Бірге ойна-бірге сөйле» атты іскерлік ойыны ерекше қызық өтті. Тіл маманы өзінің атқарып жатқан жұмысын толық көрсете білді. Балалармен қатар   ата-аналармен де қазақ тілін насихаттау жұмыстарын атқаруда қызықты ойындар, тапсырмалар ұйымдастырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *