«Болашақ Мамандыққа қадамдар» жобасын іске қосты.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында білім басқармасының қолдауымен «Болашақ Мамандыққа қадамдар» жобасын іске қосты.

Бұл жобаның мақсаты бейінді сыныптарда кәсіптік бағдар беру жұмысының жекелеген бағыттарын дамыту, ТжКБ ұйымдарымен және елорданың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық болып табылады.

Жобаға қаланың 20 мектебі 7 бағыт бойынша қатысады: IT, техникалық, сәулет, технологиялық, инженерлік, аграрлық және педагогикалық.

Осыған байланысты, 03.05.2023 Әдістемелік орталығы осы жобаға қатысушы мектептер үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге №№4,8,15,27,30,35,43,50,53,60,65,69,75,76,80 мектептердің өкілдері, атап айтқанда директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, директордың оқу бөлімі бойынша орынбасарлары, сондай-ақ педагог-кәсіби бағдар берушілер қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

– Қандай мектептер колледждермен, жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойды?

– Осы бағытта жұмыс істеу үшін қандай шаралар қабылданды?

– Қандай қиындықтарға тап болды?

– Олар нені өткізуді жоспарлап отыр және болашақта қалай әрекет ету керек?

Әдістемелік орталықтың әдіскерлері педагогтарды толғандырған сұрақтарға жауап беруге көмектесті және одан әрі жұмысқа жолдама берді.  Жақын арада «Болашақ мамандыққа қадамдар» жобасымен жұмысты күшейту жоспарлануда.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған