Заманауи сабақ-тиімді әдістер

2023 жылғы 04 мамырда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Заманауи сабақ-тиімді әдістер»  тақырыбында оқыту семинары өтті.

          Іс-шара мақсаты – жас  педагогтердің кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету, әдістемелік қолдау көрсету. Семинарға білім беру ұйымдарының  үздік, тәжірибелі музыка пәні мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.

        Семинар аясында №89 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Г.К.Карашаева «Дәстүрлі сабақ пен заманауи сабақтың өзіндік ерекшеліктері» атты шебер сыныбын, Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Л.К.Аббасова «Музыка сабақтарында қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Г.Хадыл «Заманауи сабақ-тиімді әдіс»,  Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Д.М.Байтілеуов «Музыка сабақтарында «Finale» бағдарламасын қолдану әдістері мен тәсілдері», HURORDA мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Ю.Д.Мустафанов «Музыка сабағында қолданылатын технологиялар және балалар әндерін заманауи үлгіде өңдеу» тақырыбында  шебер сабақтар өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған