Білімдегі олқылықтарды шешуге бағытталған зерттеу лабораторияларының тиімділігі

2023 жылғы 4 мамырда І. Есенберлин атындағы №67 гимназиясында мектептегі зерттеу лабораторияларының тәжірибесімен алмасу мақсатында «Білімдегі олқылықтарды шешуге бағытталған зерттеу лабораторияларының тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға Астана қаласы мектептерінің 120 дан астам тәрбие ісі, оқу ісі және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ SHARE жобасының зерттеуші-педагогтері қатысты.

Семинар жұмысы 5 бағытта өтті:

  • Іс-әрекетті зерттеу (Action research) зерттеу сабақтары;
  • ​Lesson study зерттеу сабақтары;
  • «Жүйелілік тұғыр» технологиясы бойынша сабақтар;
  • ​Зерттеуге негізделген тәжірибе/постер сессия;
  • Шебер сыныптар;
  • ТEDx форматында ой бөлісу.

Іс-шара соңында қатысушы педагогтер ұйымдастырылған сабақтар туралы, постер сессия мен өткізілген шебер сыныптардан алған әсерлерімен бөлісті және кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған