«Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, баланы мектепте оқуға дайындауды, яғни оны қажетті білім мен дағдыларды игеруді, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет. Осыған орай, Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы балабақшалар мен бастауыш сынып арасындағы «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасын ұсынды.

Осы жоба барысында атқарылып жатқан жұмыстарды паш етіп, тәжірибе алмасу мақсатында №76 «Әдемі» балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушлері Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназиясына 2023 жылдың 4 мамыр күні  «Менің алғашқы мектебім» атты экскурсияға барды.

          Осындай экскурсия барысында балабақша тәрбиеленушілері өздерінің болашақ мектебімен танысып, алғашқы мектеп өміріне қадам басуға дайындалады. Бастауыш сынып оқушыларымен біріккен сабаққа қатысып, болашақ мектебінің музейінің, кітапханасының, спорт алаңының, bookcrossing аланымен танысты.

Жүйелі түрде өткізіліп отырған экскурсиялар мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта білім берудің сабақтастығын жүзеге асырады деп болжануда.

Мектептің 4 сынып оқушыларынан құралған мектеп оркестрі қазақ халқының күйлерінен поппури тартып, балабақша тәрбиеленушілерін қарсы алды.

Экскурсия Ф. Оңғарсынованың «Фаризатану» кабинетінен басталды. Балалар кабинеттін ішімен және жазушының жеке заттарымен таныс болды. Оқушылар қазақтың ақын қызы, халық жазушысының өмірбаянымен таныстырып, өлеңдерін тәрбиеленушілерге паш етті. Тәрбиеленушілер сабаққа қатысып, өз қолдарымен мерекелік ашықхат жасап, ертегі қойылымына қатысып, логикалық үстел ойындарын ойнады. Мектептің спорт залында дене шынықтыру мұғалімі спорттық жаттығулар жасатса, кітапханада  оқушылар өлең оқып, кітаптармен таныстырып шықты. Экскурсия мектептің bookcrossing алаңында аяқталды. Педагогтер тәрбиеленушілерге тренинг және суреттен ертегі кейіпкерлерін «Ата» ойынын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер экскурсия барысындағы алған әсерлерімен бөлісіп,  жақсы көңіл күймен кетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған