Тілім менің – тірлігімнің айғағы

2023 жылдың 28 сәуірінде Б.Майлин атындағы 52 мектеп-гимназиясының ұйымдастырумен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен жүйелі жұмыс жасап отырған қауымдастық мектептері қатысады: «Қазығарыш» №50 мектеп-лицей, Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия, 72 мектеп-лицей, «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицей» КММ.

Іс-шара барысында командалар өздерімен таныстырды, грамматикалық талдауларға, берілген нақыл сөздерге  (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) ауызша ойтолғау, әдебиет пәнінен поэзиялық шығармаларды жатқа айтып,  сатылай кешенді талдау жасады.

            Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша олимпиадаға қатысушы командалар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының»

Бас жүлде – «Қазығарыш» №50 мектеп-лицей

I дәрежелі дипломмен – Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей.

II дәрежелі дипломмен – Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей

III дәрежелі – Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия, «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицей» КММ. дипломдарымен марапатталып, қатысушы ұстаздар мен ұйымдастырушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған