ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

2023 жылғы 28 сәуір күні «Мектепке дейінгі ұйым қызметіне ата-аналарды тартудың инновациялық бағыттары» тақырыбында семинар-практикум өтті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарына ата-аналарды тартудың инновациялық бағыттарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

        Семинар Астана қаласының №75 «Балалық шақ» балабақшасы базасында өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева С.Н., мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басымдықтарына тоқталып өтті. Ата аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне тартудың даму тарихын, тарту бағыттарын, 3 этапын, ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру нысандарын айтып өтті. Европа елдеріндегі халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Google форманы ата-аналармен онлайн кері байланыс құралы ретінде тиімді қолдану жолдарын практика жүзінде пайдалануды атап өтті.

Музыка жетекшісі «Дала дауысы» музыкалық аспаптарымен таныстыру ата-аналармен ұйымдастырылған іс-әрекетінде балаларды «Бақыт» музыкалық аспабымен таныстырды. Аспаптардың тембрін ажырата білуді, үрмелі, ұрмалы, ішекті деген мағыналарын игерді.

Балалардың зияткерлік дамуын қатамасыз ететін заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен шебер-сынып, экскурсия ұйымдастырылды.

Семинарды қорытындылай келе жас мамандар көкейдегі өзекті мәселелерімен бөлісті. Жас мамандар кері байланыстарын беріп, ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған