ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ АЛАҢ ЖҰМЫСЫН ЖАЛПЫЛАУ

2023 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласының №7 «Аққу» балабақшасында балаларға табиғат байлығын сақтап қорғау және қайта жаңарту туралы экологиялық білім мен тәрбие беруде жаңа технологияларды қолдану мақсатында «Балабақша экологиялық білім берудің инновациялық технологиялары» тақырыбында эксперименталдық алаң жұмысын қорытындылау семинары өтті.

 Семинарда эксперименталдық алаң жұмысының 3 жылдық қорытынды нәижесі көрсетілді. Семинар балабақша психологінің «Көңіл күй» аялдамасы тренингінен басталды. Тәрбиешілер «Аквапоника әлемі», «Экологиялық ойындар аялдамасы», балабақша ауласында орналасқан метеоалаңда «Табиғат әлеміне саяхат» эко-квесті ұйымдастырылған іс-әрекеттер сонымен қатар «Денім сау болсын десең…» дәрігер кеңесі және күнделікті үй тұрмысында қолданылатын заттардан Эко-Лайфхак ұсынды .

Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік  елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған